Как сделать перевод?

0 +1 -1
Saltanat спросил 2 года назад

Сәлеметсіздер ме?! Мен ҚММУ 5 курс студентімін, 5 курстан кейін сіздерге ауысқым келеді, \\\»Жалпы дәрігерлік тәжірибие\\\» мамандығы бойынша сіздерде интернатура өте аламын ба? Және ауысу процесі қалай жүреді? Кандай документтер керек т.б. … мәселелер? Толығырақ түсіндіріп айтсаңыздар. Раxмет!

1 ответ
0 +1 -1
admin Админ. ответил 2 года назад

Сәлеметсіз бе, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау Ережелері» бұйрығына сәйкес ОҚМА АҚ 1 шілдеден 15 тамызға дейін интернатураны оқуға өтініш қабылдайды. 15-25 тамыз аралығында мамандыққа бөлу бойынша конкурс өткізіледі. Мамандыққа бөлу кезінде дәрігер-интерндердің оқу бағдарламасындағы жалпы орташа балы (GPA) ескеріледі. Интернатураға 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығын оқып, бітірген жоғары білімді дипломмен 5 бағытта қабылданады: «Ішкі аурулар», «Акушерия және гинекология», «Хирургия», «Жалпы тәжірибелі дәрігер», «Педиатрия». Интернатураға тапсыруға келесі құжаттар қажет:
1.Өтініш;
2.Дипломның көшірмесі (нотариуспен бекітілген);
3.Транскрипт көшірмесі (үш тілде);
4.Жеке куәліктің көшірмесі – 4 дана;
5.3х4 сурет – 4 дана;
6.Ауысу бойынша келісім хат;
7.Курстан курсқа көшіру туралы бұйрықтың көшірмелері;
8.Білім беру гранты тағйындалған куәлік;
9.Жеке іс парағы;
Көшірмесімен бірге міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы болуы керек.